Алматыға «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездесуіне 4 мыңнан астам турист келуі мүмкін

1031
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lbID9Iz7zra8QaUKPedaGKQrSSvWoeRo7evyCnni.png

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарипбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, матчқа билеттердің барлығы сатылып кеткен.

«Алматыда туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуіне 4 мыңнан астам турист келеді деп болжанып отыр. Бұл қала мен ел бюджетіне шамамен 2–3 млрд теңге түсім әкеледі», – деді Нұртас Қарипбаев.

Сонымен қатар ол Алматының инфрақұрылымы толық дайын екенін атап өтті. Бұған дейін қала Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys сияқты әлемдік жұлдыздардың концерттерін қабылдаған еді.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Комментарии