Президенттер кездесуінің суреті бір апта өткен соң жарияланды

1465
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LiVITBRCQOkUxxtQTU2v03hKwABCPMMjGe566Ibk.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте АҚШ президентімен кездескен. Екі ел басшыларының суреті бір аптадан соң жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қос Президенттің суреттерін ҚР Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасына жүктеген.

Айта кетейік, Ақорда таратқан хабарламада кездесу кезінде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі бағыттары талқыланғаны мәлім болды. Кездесу 22 қыркүйек күні өткен. Ал суреттер 29 қыркүйекте жария болды.

Әсіресе сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды. Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айтып, екіжақты қарым-қатынастың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, БҰҰ-ны жаңғырту бастамасын көтерген еді.

Фото со встречи Касым-Жомарта Токаева и Дональда Трампа опубликовал Руслан Желдибай

Комментарии