Сәтқалиевтен сюрприз. Бір ауданда екі АЭС салынбақ

1688
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZSEL4QOXlz1NkNY4kQsTMGYSpCYuRAlQNXFtwvN9.jpg

Қазақстандағы екінші АЭС те Алматы облысында салынбақ. Бұл туралы бүгін, 1 қазанда Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұл шешімге аймақтағы электр энергиясының тапшылығы себеп болғанын мәлімдеді.

«АЭС құрылысы үшін келесі орын ретінде Алматы облысындағы Жамбыл ауданы белгіленді. Яғни, екінші станция да еліміздің оңтүстігінде болады. Себебі бұл аймақта электр энергиясы тапшы»,–деді төраға.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, екінші АЭС-ті қандай компания салатыны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда конкурс қатысушыларымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

«Қытайдың CNNC компаниясы деп түпкілікті таңдау жасалған жоқ, бірақ біз оны АЭС салуға басым мүмкіндігі бар мердігер деп санаймыз»,– деп толықтырды ол.

Комментарии