Өлім жазасын қайтару мәселесі референдумға шығарылуы мүмкін

749
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dBhGXoGSoNxdqFn9xG59PKQK6MZZkK8OsFDTY01E.jpg

Қырғызстанда өлім жазасын қайтару мәселесі референдумға шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мемлекет басшысының сұхбатын жариялап, онда Садыр Жапаров елде өлім жазасын қайта енгізу бастамасына қатысты пікір білдіргенін айтты.

Президенттің айтуынша, кәмелетке толмағандарға және әйелдерге қатысты кісі өлтіру мен зорлау қылмыстарының саны өсіп келеді, ал қазіргі «жай ғана» бас бостандығынан айыру мерзімдері қылмыскерлерді тоқтата алмай отыр.

Сонымен бірге Садыр Жапаров өлім жазасы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қолданылмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл шара тек аса қатыгез кісі өлтіру және педофилия істеріне қатысты болуы мүмкін.

«Біз бұл мәселені жеке шешпейміз. Халықпен ақылдасамыз. Мәселе бүкілхалықтық референдумға шығарылуы мүмкін. Егер көпшілік қолдаса, онда Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу және халықаралық міндеттемелерді қайта қарау қажет болады», - деді Садыр Жапаров.

Президенттің сөзінше, басты басымдық - әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, ал мұндай маңызды шешім тек халықтың қатысуымен қабылдануы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров құқықтық қамтамасыз ету басқармасына өлім жазасын қайтаруды тапсырғаны туралы жазған едік. 

Комментарии