Қабырғасы сынған. Полицейлер 77 жастағы әйелді пәтерінен күштеп шығарған

1284
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bP8DAUlZs6hLKeACo4CSW3GFEiNws6qP78ScCgbu.jpg

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының полиция қызметкерлері қарт әйелді пәтерінен күштеп шығарып жатқан сәт бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, оқиға әйелді пәтерінен шығару кезінде болған. Видеода екі полицейдің 77 жастағы әйелді дәлізге итеріп шығарып жатқаны көрінеді. Бір сәтте олардың бірі әйелді қатты итеріп жібереді, ол кеудесімен темір қоршауға соғылады. Кадрда әйелдің ауырсынған дауысы анық естіледі.

Жазба авторының айтуынша, зардап шеккен әйелге аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілмей, тек ауырсынуды басатын укол салынған. Кейін туыстары оны қаладағы ауруханаға апарған, онда дәрігерлер қабырғасының сынғанын анықтаған. Бұл дерек бейнежазба астына қоса жарияланған медициналық анықтамамен расталған.

Комментарии