Маңғыстау облысында көз жұмған сарбаздың денесі Қызылордаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Журналист Жазира Бегалы желідегі парақшасында бейне жариялады.
"Өз аяғымен отан алдындағы борышымды өтеймін деп әскерге аттанып, Қызылорда шаһарына табытпен жеткізілген Еркебұлан Сағындықты жоқтаған ананың зарын тыңдайтын кім бар? Фельдшерлік мамандықты меңгеріп, ғұмырын халықты ауру-сырқаудан емдеуге бел буып, таудай -таудай жоспар құрған жас ғұмыр тағы әскерден тірі қайтпады. Бұл не сұмдық?
Маңғыстау облысының “Үстірт “ шекара бекетінде жанармайдың буына уланып көз жұмды деген болжамға туыстары сенбейді. Бірақ марқұмның жиі ақша сұрағанын айтады.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұлай жалғаса берсе, мен де баламды әскерге жіберуден бас тартамын", - деп жазды ол.
Айта кетейік, сарбаздың өлімі туралы ақпарат кеше тараған. Қайғылы оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
Обращение членов секретариата съезда лидеров мировых и традиционных религий по случаю 75-летия победы над фашизмом и нацизмом