АҚШ-та елші болған дипломат министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

1542
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ddZUVcqDo6QaDTl43RRAWPgKMK7Hlc8dgFUAIoea.jpg

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан  Ашықбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ержан Ашықбаев 1974 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. Мамандығы — халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару магистрі.

Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Сыртқы істер министрлігінің Төртінші департаментінде референт болып бастаған. Кейін министрліктің орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарып, Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде іссапарда болды.

2007–2011 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және ерекше тапсырмалар жөніндегі елші болды. 2012 жылы Үкіметтің ресми өкілі әрі Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ, 2012–2013 жылдары Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығын басқарды. 2013–2021 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 2021 жылдан бері Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Ол ағылшын, түрік және француз тілдерін еркін меңгерген.

Комментарии