Мектеп оқушысын зорлаған күдікті қамауға алынды

1428
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/srWbMPkkSCWFgoW6znhWlTbpIQNNSY08YIeNVr9n.webp

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысының жүкті болып, босану фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тұлға анықталып, қамауға алынған.

«Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті тұлға ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын, себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында кешенді тергеу және процессуалдық шаралар атқарылуда», — деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, істің тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Комментарии