Дуров Луврда ұрланған әшекейлерді кері сатып алуды ұсынды

886
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OWbDckZi6Ii65pQ5DFWfwReLiAnF9vWZFC0YO6Od.webp

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Лувр музейінде болған ұрлықты «бір кезде ұлы болған Францияның құлдырауының белгісі» деп сипаттап, ұрланған әшекейлерді сатып алуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол кері сатып алған әшекейді Абу-Дабидегі Луврға қайтаруға дайын екенін мәлімдеген.

Дуровтың айтуынша, бұл оқиға елдің жүйелі мәселелерін және биліктің шынайы қауіптерге қарсы әрекет ете алмауын көрсетеді.

«Луврдың тоналуы мені мүлде таңғалдырмады. Бұл – бір кездері ұлы болған елдің құлдырауының тағы бір қайғылы белгісі. Үкімет халықты нақты мәселелерден алаңдату өнерін жетілдіріп алған», – деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желі X-тегі парақшасында.

Кейін ол ұрланған бұйымдарды сатып алып, оларды Абу-Дабидегі Луврға беруге дайын екенін айтты.

«Ұрланған әшекейлерді қуана сатып алып, Луврға қайтарамын. Әрине, мен Абу-Дабидегі Луврды айтып отырмын. Ол жақтан ешкім ештеңе ұрламайды», – деп әзіл қосты Дуров.

Еске салайық, Луврдағы ұрлық 19 қазан күні таңертең болған. Париж прокуратурасының мәліметінше, ұрылар императрица Мария-Луизаның коллекциясындағы алқа мен сырғаларды, сондай-ақ патшайым Мария-Амалия, Гортензия де Богарне және императрица Евгенияның зергерлік бұйымдарын алып кеткен.

Комментарии