Маңғыстауда жасөспірім қыздардың төбелескен видеосы тарады

1502
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eDZYgfH2qTPojXRkO0CjSDt7NXbp7MuA5EtcBPg8.webp

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың көшедегі төбелесі видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған. Төбелеске қатысқан оқушы қыздар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы — «Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Ал төбелеске қатысқан қыздардың өздері профилактикалық бақылауға алынды.

Полиция жасөспірімдер арасындағы мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Комментарии