Журналистке тілін көрсеткен судьяға шара қолданылды

885
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LNkKARqSGYBmSeoqPuD7qrHc0iaqMbhDqxp6PafX.webp

Шымкент қаласының бұрынғы әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қылмыстық шабуыл ісі қаралған кезде журналистке тіл көрсеткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тәртіптік шара қолданылды, деп хабарлайды “Адырна”.

Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамындағы сот алқасы судья Әбинұр Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тартып, оған ескерту жасау түрінде жазалау тағайындады. Бұл шешім судьяның сот төрелігі этикасын бұзған әрекетіне байланысты қабылданды.

Айта кетсек, сот алқасы — судьялар қауымдастығының тәуелсіз тәртіптік органы. Оның мақсаты — судьяларды жазалау емес, тәртіптік шаралар арқылы олардың жауапкершілігін арттыру және сот процесіне қатысушылардың судьяларға деген сенімін нығайту. Сондай-ақ, ол тәртіптік процестің заңдылығы мен әділеттілігін қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, сот отырысында төраға Әдинұр Қарабаев журналистке тіл көрсеткен сәт видеога түсіріліп, жарияланған. Сол оқиғадан кейін судьяға қатысты тексеру жүргізіліп, материалдар Жоғарғы Сот Кеңесінің сот алқасына жолданған болатын.

Комментарии