Бұрынғы облыс әкімі аудан әкімдерін сайлауды мәслихатқа беруді ұсынды

862
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5zgMzBEBpcnakEjEisChqbvmLBw9GUNmC0LiZKow.jpg

Берік Әбдіғалиұлы «Abay Live» подкастында аудан әкімдерін сайлау туралы пікірін білдірді.

Әбдіғалиұлының айтуынша, өзі қызмет еткен жылдары ауыл ақсақалдары «неге әкімді өзіміз таңдамаймыз?» деген сауалды жиі көтерген. «Қазір нағыз демократияның ауылдан басталып жатқаны қуантады. Соңғы жылдары елімізде үлкен демократиялық процесс­тер жүріп жатыр», – деді ол.

Подкаст жүргізушісі «егер әкім бір жылдан кейін қызметтен кетсе, қайтадан сайлау өткізіле ме?» деген сұрақ қойған кезде, Әбдіғалиұлы: «Иә, қалыптасқан тәртіп солай, науқанды қайта бастауға тура келеді», – деп жауап берді.

Сұхбат барысында Берік Әбдіғалиұлы қаражат мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, соңғы 2–3 жылда 45 аудан әкімі сайланыпты. Соңғы бір жылда ғана халық жаңа 6–7 аудан әкімін сайлаған. Тек бір жылда аудан әкімдерінің сайлауына 1 миллиард теңге жұмсалған екен.

Кезінде Ұлытау облысының алғашқы әкімі болған Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, аудан әкімдерінің сайлауын мәслихаттардың жүргізгені абзал. Жүргізушінің соңғы қойған сұрақтарының біріне Берік Әбдіғалиұлы ең бастысы – аудан әкімдерінің жұмысы тиімді және нәтижелі болуы керек деп жауап берді. Аудандардағы мәслихат – бұл өзін-өзі басқару жүйесі, жүргізіліп жатқан жұмысты халық тікелей және өздерінің мәслихаттағы өкілдері арқылы бақылау керек, деп қорытындылады өз сөзін белгілі қоғам қайраткері.

Комментарии