ҰҚК Назарбаевтың туысы делінген Есполовтың ұсталғанын растады

658
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aJgLOsfJc0Oj7XWxIYphnPNGY85Wc2T6WoBfoIR4.jpg

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Айдос Есполовтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін БАҚ-та "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың Астанада ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жары Әсел Құрманбаеваның ағасы делінетін Айдос Есполов «Еуразиялық технологиялық университеті» мен «Alatau Asset Management Company» компаниясының құрылтайшыларының бірі ретінде танылған.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш дерек бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Комментарии