Үш адам ұсталған. Брюссельде ЕО кеңселеріне тінту жүргізілді

348
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/l7xJdgGmVEf7jyZQoPEdH7LUB4xEeiTtnkKOkU7f.webp

Брюссельде Еуропалық одақ қаражатын мақсатсыз пайдаланды деген күдікке байланысты тергеу жүргізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тергеу аясында Брюссель қаласындағы Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің штаб-пәтерінде және Брюгге қаласындағы Еуропа колледжінде тінту жүргізілді. Сонымен қатар күдіктілердің үйлері де тексеріліп, үш адам ұсталды. Бұл туралы Еуропалық прокуратура 2 желтоқсанда хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, тергеу ЕО қаржыландырған жас дипломаттарды даярлау бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты. Тергеу судьясының рұқсатымен Бельгияның федералдық полициясы бірқатар нысандарда тінту жұмыстарын жүргізіп, құжаттарды тәркіледі. Операция Еуропалық алаяқтықпен күрес басқармасының қолдауымен өткен.

Басқарма істің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы және қызметтік құпияны заңсыз ашу деректерімен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. 

AFP агенттігінің дерегінше, ұсталғандардың бірі – бұрынғы еуропалық дипломатия басшысы, қазіргі уақытта Еуропа колледжінің ректоры қызметін атқарып жүрген Федерика Могерини болуы мүмкін. Сонымен бірге Италия дипломаты, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің бұрынғы бас директоры, қазір Еурокомиссияда Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Парсы шығанағы елдері бойынша департаментті басқаратын Стефано Саннинидің де ұсталғаны хабарланды.

Комментарии