Қазақстанда салықтық есептілікті тапсыру мерзімін бұзғаны үшін қолданылатын айыппұлдар алынып тасталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.
Оның айтуынша, декларация уақытында тапсырылмаған жағдайда ол нөлдік көрсеткіштері бар есептілік ретінде қабылданады. Кейін салық төлеуші есепті кезеңдегі нақты табысы туралы деректерді өзі қайта енгізе алады.
Вице-министр сонымен қатар мүлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу, егер міндеттемелер мөлшері 1 млн теңгеден аспаса, жүргізілмейтінін мәлімдеді. Көлік салығына қатысты есептер мен декларациялар да енді талап етілмейді. Бұл салық жол полициясының деректері негізінде автоматты түрде есептеледі.
Жаңа нормаларға сәйкес салықтық есептіліктің саны 41-ден 28-ге дейін қысқарды. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қолданылған жағдайда толтырылуы тиіс міндетті жолдар енгізілді.
Ведомство мәліметінше, бұл өзгерістер салық органдарының жұмыс жүктемесін азайтады. 2024 жылы есептілікті тапсырмағаны үшін 7,9 мың салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Токаев последовательно реализует курс на модернизацию армии и укрепление национальной безопасности - Алпамыс Утепов.