1,1 млн доллар. Депутаттың компаниясы табысын еселеді

280
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OaOIaOTQhyXo6YSy0k0bjet6szQSgYK8XN8zJZaF.jpg

«Павлодаржолдары» компаниясы 2024 жылы 569 млн теңге көлемінде пайда тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 286,9 млн теңгемен салыстырғанда екі есе жоғары. Мұндай деректер ұйымның қаржылық есебінде жарияланды.

Ұлттық банктің 8 желтоқсандағы ресми бағамы (504,49 теңге/$1) бойынша компанияның жылдық пайдасы 1,1 млн доллардан асты.

Компанияның жылдық табысы да өсім көрсетті. 2023 жылғы 5,5 млрд теңгеден 7,2 млрд теңгеге дейін көбейген.

2024 жылы «Павлодаржолдары» жалғыз иесіне 273 млн теңге дивиденд төледі. 2023 жылы бұл көрсеткіш 93,3 млн теңгені құраған. Компанияның жарғылық капиталы – 300 млн теңге, ал бөлінбеген пайда көлемі 2024 жылдың соңында 2,1 млрд теңгеге жетті.

Ұйымның бас директоры әрі жалғыз иесі – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Рустам Мазғұтов. Компания Павлодар облысы Май ауданындағы Көктөбе ауылында тіркелген.

2024 жылдың соңында сатып алушылардың қысқамерзімді дебиторлық берешегі 41,9 млн теңгені құрады. Оның 36,1 млн теңгесі ұлттық компания «ҚазАвтоЖолға» тиесілі.

Сонымен қатар компания қызметкерлеріне 17,6 млн теңге жалақы қарыз болғаны анықталды. Аудитордың мәліметінше, бұл қарыз 2025 жылдың 10 қаңтарында өтелген.

«Павлодаржолдарының» негізгі қызмет бағыты – жол құрылыс жұмыстары. Қараша айының соңында компания Май ауданындағы Ақшиман кен орнында құрылыс тасын және саз топырағын өндіруді бастауды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Комментарии