2025 жылдың қаңтарынан бері АҚШ-тан 605 мың заңсыз мигрант мәжбүрлі түрде шығарылып, 1,9 миллион адам елден өз еркімен кеткен. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Заңсыз мигранттар елден қазір кету жөніндегі үндеуімізді естіп отыр. Олар мұны жасамаса, біз оларды тауып, ұстайтынымызды біледі. Сондай-ақ елге енді ешқашан қайта оралмайтынынан хабардар»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ мигранттарға арнайы қосымша арқылы елден өз еркімен кетуге шақыру жарияланды. Бұл қосымша Отанына тегін ұшып баруға, сондай-ақ 1 мың доллар көлемінде қаржылай көмек алуға кепілдік береді.
Новости по теме
В Акмолинской области чеченцы и ингуши дают своим селам казахские имена, вместо идеологически устаревших названий