Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды

150
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xobCNEDXPVspf2vbKuwnUVAdRLbjSnThKugIHUVh.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы БҰҰ университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды "Адырна". 

Мемлекет басшысы Университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, БҰҰУ-дың бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.

«Ханзада Сётоку VII ғасырда «үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс» деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр», – деді Президент.

Президенттің пайымдауынша, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр. 

“Биыл Қазақстанда Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығы ашылды. Қазақстан осы алаңның негізінде Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруға әзір. Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді.

Айта кетейік, Президент Жапонияға мемлекеттік сапармен барды.

Комментарии