Алматыда заңсыз айналымнан 180 мың литр алкоголь мен 1 млн-нан астам темекі тәркіленді

78
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tqVJQ3SvhJeWKWUsqRuZ5sQSCZZ2TBvxChKCcewS.jpg

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акциздік тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларын күшейтуде деп хабарлайдыиадырна ұлттық порталы.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 10 айында алкоголь, темекі және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты бірқатар ірі құқықбұзушылықтар анықталған. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде қала аумағында көлеңкелі айналымнан едәуір көлемде тауар тәркіленді. Атап айтқанда, 180 мың литрден астам алкоголь өнімдері, 1 миллионнан аса темекі қорабы және 10 мың тоннадан көп мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынған.

Тексеру барысында алкоголь өнімдері бойынша лицензиясыз қызмет көрсету және тауарға қатысты ілеспе құжаттардың болмауы, темекі өнімдеріне қатысты міндетті маркалаудың жоқтығы анықталған. Ал мұнай өнімдері көбіне тиісті құжаттарсыз айналымға шығарылғаны белгілі болды.

Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз өнімдерді анықтау жұмыстары ақпараттық жүйелердегі деректерді талдау арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қоғамдық ұйымдардан түскен өтініштер де маңызды рөл атқарады.

Мамандардың айтуынша, акциздік тауарлардың заңсыз айналымы мемлекетке экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адал кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізіп, халық денсаулығына да қауіп төндіреді. Осыған байланысты тұрғындарға өнімнің заңдылығын тексеру үшін «e-Sapa» және «NAQTY ONIM» мобильді қосымшаларын пайдалану ұсынылады.

Комментарии