Лукашенко ойнап жүріп оңбай құлады

228
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2VCtZiXwngEvN3qtVGjSGTm6vSRmh9S02PQ4ik0b.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде өткен әуесқой хоккей матчында мұзға құлап қалды, деп хабарлайды "Адырна".

Лукашенконың командасы мен Брест облысының құрамасы арасындағы кездесу 5:5 есебімен тең аяқталған.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Лукашенко командасының 68-нөмірлі ойыншысы — ұлттық құраманың бұрынғы хоккейшісі Ярослав Чуприс артқа қарай қозғалып келе жатып президентке соғылып кеткен. Соның салдарынан Александр Лукашенко мұзға құлаған. Чуприс бірден оған көмектесіп, орнынан тұрғызғаннан кейін ойын жалғасын тапты.

Матч Минскідегі «Олимпик-Аренада» өтті. Брест облысының командасы сапынан Виктор Вусик, Александр Бурмистронок, Сергей Плосков, Александр Короткевич және Николай Мирончик шайба соқты. Кездесудің үздік ойыншысы болып қақпашы Вадим Бойко танылды.

 

 

Комментарии