Жанармай бекеті. Аяздағы өрттен адам зардап шекті

179
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Павлодар облысының Жанаауыл ауылында орналасқан ТОО аумағында бензовоз өртенді, деп хабарлайды “Адырна”.

ТЖМ мәліметінше, өрт бензин цистернасын толтыру сәтінде шыққан. Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.

Өрт қысқа уақытта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Жалынның көршілес нысандарға таралу қаупінің алдын алынды.

Оқиға салдарынан 1969 жылы туған ТОО қызметкері күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен шығу себептері анықталуда.

Комментарии