Мирзиёевтің ресми сапары. Түркияда "Өзбекстан" ашылды

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MutNOtgrzECCVjnVmBYD2YlU80XvSsZWaV09gjV2.webp

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елге ресми сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Анкарадағы президенттік кешенде ресми салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды “Адырна”.

Өзбекстан президентінің кортежін кешенге кіреберісте құрметті аттылы қарауыл қарсы алып, протоколдық кіреберіске дейін алып жүрді. Қарауыл Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Ресми рәсім барысында екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, түркі мемлекеттерінің туларын ұстаған әскери қызметшілер сап түзеді. Мемлекет басшылары делегация мүшелерін бір-біріне таныстырып, бірлескен фотоға түсті.

Сапар аясында Ердоған мен Мирзиёев Түркия мен Өзбекстан арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Сонымен қатар бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланған.

Шавкат Мирзиёевтің Түркияға сапары барысында Хатай провинциясында салынған "Өзбекстан" тұрғын үй кешенінің ашылу рәсіміне қатыспақ. Кешен құрылысы 3 жыл бұрын Түркияда шамамен 51 мың адамның қазасына соқтырған жойқын зілзаладан кейін басталған. Құрылысты Өзбекстан тарапы мойнына алған. 

 

Комментарии