Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Спортшы Қарағанды облысының спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар, ол жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогын үйлестіру міндетін атқаратын болды. Бұл шешім "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды.
Серік Сәпиев бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болып қызмет атқарған, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігінде бірқатар жауапты лауазымдарды меңгерген. Қазіргі таңда ол ҚР Ұлттық сурдолимпиадалық комитетінің президенті болып табылады.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада бағдарламасына 41 спорт түрі енген.
Как в 2021 году Костанайская область продвинулась в вопросах цифровизации? Разберемся на нескольких примерах