Қалың қар жауып, қырыққа жуық адам қаза тапты

132
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PVM5TLpXLutj1JFjkxVmOiolkCXD9woyVdiyTnSZ.webp

Соңғы екі аптада Жапонияның солтүстік өңірлерінде жауған қалың қар жолдарды жауып, шамамен 40 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Nikkei-ге сілтеп.

Nikkei басылымының мәліметінше, табиғи апат салдарынан шамамен 400 адам зардап шеккен. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі тұрғындардың үйлерінің шатырындағы қарды тазалау кезінде құлап кетуінен болған.

Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Минору Кихара азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Оның айтуынша, қар тазалау кезінде міндетті түрде каска киіп, сақтандыру арқанын пайдалану қажет.

Дауыл елдің 15 префектурасына әсер еткен. Кейбір аудандарда қардың қалыңдығы 2 метрге дейін жеткені хабарланды. Мамандар мұндай ауа райы Жапон архипелагына Арктикадан келген суық ауа массасының әсерінен болғанын айтады.

Комментарии