Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалары мен Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар шара қабылдаған.
Салық, тариф және бюджет саясатына, сондай-ақ цифрлық, құрылыс және әлеуметтік салаларға қатысты шешімдер экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған құрылымдық теңгерімсіздіктерді жоюға бағытталған.
Олжас Бектенов салық және бюджет реформалары Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді тартпай-ақ, үш жылдық бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Бұл 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9 пайызына дейін қысқартуға жағдай жасаған.
Баяндамада айтылғандай, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50 пайыздан 2028 жылы 34 пайызға дейін төмендейді.
Өз мамандығы заңгер Олжас Бектенов 2024 жылы 6 ақпанда Премьер-министр болып тағайындалған еді. Ол үкіметке Президент әкімшілігінен келді.
Канат Бозумбаев призвал руководителей водохозяйственных ведомств стран ЦА к справедливому распределению воды в условиях климатических вызовов