Он отырыстан кейін. Президент жаңа Конституция туралы пікір білдірді

188
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның жұмысы нәтижесінде жаңа Конституция қабылдау туралы шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзінше, комиссия осы уақытқа дейін 10 отырыс өткізіп, түзетулердің көптігін ескере отырып, Ата заңға жекелеген өзгерістер енгізу жеткіліксіз деген ортақ байламға келген.

Президенттің айтуынша, қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланып, бұл бастама қоғамда үлкен қызығушылық тудырған. Қазіргі таңда азаматтар құжаттың түрлі баптарын белсенді түрде талқылап жатыр. Бұл қоғамның саяси мәдениеті мен белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысы «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» және «плюрализмге – ашықпыз, экстремизмнен – қашықпыз» қағидаттарының маңызын атап өтіп, мұндай ұстанымдар қоғамдық диалогтің дамуына және елдің тұрақты ілгерілеуіне жол ашатынын жеткізді.

Сондай-ақ Президент жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отырғанын айтып, бұл Конституция Қазақстанның сапалық тұрғыдан жаңа даму деңгейіне көтерілгенін айқындайтынын мәлімдеді.

Комментарии