Новости по теме
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Баку қаласында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнсті ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report агенттігіне сілтеп.
Екі елдің мемлекеттік тулары желбіреген алаңда АҚШ вице-президентінің құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді. АҚШ вице-президентін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Құрмет қарауылының бастығы Джей Ди Вэнске рапорт берді. Одан кейін Америка Құрама Штаттары мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Рәсім барысында Әзербайжан делегациясының мүшелері АҚШ вице-президентіне таныстырылды. Ал АҚШ делегациясының мүшелері Әзербайжан президентіне таныстырылды.
Әскери марш әуенімен құрмет қарауылы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің алдынан салтанатты түрде жүріп өтті.
Іс-шара соңында тараптар ресми естелік суретке түсті.
Айта кетейік, 9 ақпанда АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс Арменияға ресми сапармен барды.