Қазақ радиосының сандуғашы

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cSSfSRlKpS2WvorjM4h2sR65Glu1sw8krSALMLTg.jpg

Бүгін – 40 жылдан астам уақыт бойы Қазақ радиосының «үні» болған диктор Сауық Жақанованың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Еркіндік ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1966-2002 жылдары Қазақ радиосында диктор, 1998-2000-жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері болған. 2000-2013 жылдары Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінде оқытушылық еткен. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап «Сөйлеу техникасы», «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» жинақтарын жазған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

«Адырна» ұлттық порталы Сауық Мәсіғұтқызын туған күнімен құттықтап, зор денсаулық тілейді!

Назарларыңызға белгілі диктормен болған сұқбатты ұсынамыз.

Комментарии
Другие материалы