Конституциялық комиссия мүшелері Тоқаевқа ризашылығын білдірді

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QlZld55jkGWXxCwbGM8ogFvyB5jCkQc1puybau1s.jpg

Конституциялық комиссия жарты жыл бойы қоғамдық талқылаулардың негізінде дайындалған жаңа Ата Заңның қорытынды мәтінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынды.

Жаңа Ата Заңның жобасы қоғамда жан-жақты қызу талқылау жүрді. Азаматтардан 10 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Бұл қоғам тарапынан үлкен қызығушылық болғанын және азаматтардың барынша белсенділік көрсеткенін айғақтайды.

Ата Заңның мәтінін әрбір өңірден жиналған, түрлі саланың өкілдерінен құралған, тікелей эфирде, ашық форматта жұмыс істейтін 130 адамнан тұратын ауқымды Комиссия жазды. Сол себепті, жаңа Ата Заңды шын мәнінде Халықтық Конституция деуге болады.

Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Комиссия мүшелерінің атынан Президентке елдік істің ортасында жүруге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді.

«Бізге осындай үлкен жұмыстың, елдік істің ортасында жүруге мүмкіндік берген Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия мүшелері атынан ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер. Себебі, кез келген отаншыл азамат үшін елге қызмет ету – міндет, ал тарихи маңызы бар істердің ортасынан табылу – ол абырой», – Ерлан Қарин.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтын болады.

Комментарии