Атыраулық "хакерге" халықаралық іздеу жарияланды

185
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c00AwO7brimN2DW5Hn5RYRfyE5qFPWx1cGmdmDCX.avif

Атырау облысында өзін «атыраулық хакер» деп таныстырған азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атырау облысы полиция департаменті мәліметінше, 2025 жылдың сәуір айында алаяқтық фактісі бойынша төрт арыз тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Іс төрт эпизодтан тұрады. Ведомство бұл істің Жангелдин ауылында жоғалған отбасы ісіне қатысы жоқ екенін нақтылады.

Қазіргі уақытта күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция дерегінше, аталған азамат 2025 жылдың сәуірінде Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Ол әлеуметтік желілерде өз «тергеуін» жариялай бастаған кезде шетелде болған.

 

Комментарии