2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Қазақстан нарығына жеңіл автокөліктер жеткізуді екі есеге арттырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.
Статистикаға сәйкес, автокөлік импортының ақшалай көлемі 62,8 миллион долларға жеткен. Алайда бұл көрсеткіш 2022 жылғы рекордтық деңгейден төмен. Сол жылы экспорт көлемі 129,2 миллион долларды құраған еді.
2025 жылы Қазақстанға автокөлік жеткізуде негізгі үлесті Қытай мен Жапония иеленді. Қытай барлық импорттың шамамен 50 пайызын қамтамасыз етсе, Жапонияның үлесі 28 пайызды құрады.
Ал Ресейдің үлесі небәрі 2 пайыз деңгейінде қалып отыр. Сарапшылар мұны Қазақстан нарығында қытайлық және жапондық автокөліктерге сұраныстың жоғары болуымен байланыстырады.
Новости по теме
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города
Школьник из Кокшетау завоевал серебро и помог команде Казахстана выиграть международную олимпиаду по биологии
Состоится экспертная дискуссия на тему «Мирный атом для развития Казахстана: новые возможности атомной энергетики для РК»
