Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль өмір бойына түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Korea Times-қа сілтеме жасап.
Сот елдің бұрынғы басшысын 2024 жылдың желтоқсан айының басында әскери жағдай енгізу ісі бойынша кінәлі деп таныды. Дегенмен, арнайы прокурордың өлім жазасын тағайындау талабына қарамастан, сот өлім жазасын шығарудан бас тартты.
Юн «көтеріліс басшысы» деп танылды. Соттың пікірінше, әскери жағдай енгізу парламенттің өкілеттігін бұзған.
Істі қарау кезінде арнайы прокурорлар Юн Сок Ёль мен жоғары лауазымды шенеуніктер конституциялық негізсіз әскери жағдай енгізу үшін айла-қулық жасаған деп мәлімдеді.
Юн Сок Ёль — Оңтүстік Кореяның өмір бойына түрме жазасына кесілген бірінші экс-президенті емес. 1990 жылдардың ортасында сот Чон Дун Хванды өлім жазасына кесіп, кейін өмір бойына түрме жазасына өзгертті. Алайда 1997 жылы ол босатылды. Чон Кванджу көтерілісін басу, халық қаржысын ұрлау және әскери көтеріліске қатысы бар деп айыпталған еді.
Состоится международный научный семинар на тему «Арабографичная эпиграфика Золотой Орды и ее наследников»