Иран БҰҰ шұғыл отырысын өткізуді талап етті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3Spr0pYn92z78whVTesSfvOuVyamXry9mT6V6zX4.webp

Иран АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасына жасаған соққыларына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дереу шұғыл отырыс өткізіп, бұл әрекетті айыптауы керек», – деп келтіреді Mehr агенттігі оның сөзін.

Ал Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі АҚШ пен Израильдің шабуылынан кейін Тегеранның «күйрете жауап беріп жатқанын» мәлімдеді.


«Иранның қарулы күштері олардың қылмысты әрекетіне күйрете соққы беруді бастады», – делінген Fars агенттігі таратқан мәлімдемеде.

Иранның Азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Маджид Ахаван АҚШ пен Израильдің шабуылдарына байланысты елдің әуе кеңістігі «қосымша хабарламаға дейін» жабылғанын айтты.

Комментарии