Алматыда Қауымдастықтың жаңа филиал басшысы таныстырылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1lviBrdJtozRwqEWYz3LMLwxNXZPhTCSyDgwppza.jpg

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еліміз жүргізген көші-қон саясаты өз жемісін беріп үлгерді. Көшпен бірге “Асыл бергек, алтын діңгек” болатын талай мықты, ел қамын жейтін азаматтар келді.

Бүгін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Қауымдастықтың жаңа филиал басшысы ретінде ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Түркісой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқанды таныстыру жиыны өтті.

Жиын барысында Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтің тағайындау хатын оның орынбасары Қарлығаш Бекпатшақызы мен бас қаржыгер Латифа Мукаевна жеткізді.

Сондай-ақ ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс, «Ақиқат» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» құрылтайшысы Қанат Зейнолла, ақын Ербол Бейілхан, Алматы теміржол көлігі колледжінің директоры Алмас Қалиев, Жамали Диханұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Ерлан Жүніс Қауымдастық тек шетелден келген қандастарға ғана емес, жергілікті қазақтарды да қамтитынын, әр бағытта табысты жұмыс жүргізу керектігін атап өтті.

Қанат Зейнолла тың жобаларға қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Комментарии