Армения Иранның Әзербайжанға шабуылына алаңдаушылық білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WEEGZW71sqycYTB11N7Ham0MIG9jA2Pb6DD8DJHI.webp

Армения Иранның Нахчыван Автономиялық Республикасы аумағына жасаған дрондық шабуылына байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, министр Джейхун Байрамов пен Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян телефон арқылы сөйлескен.

Әңгіме барысында тараптар аймақтағы соңғы жағдайлар жөнінде пікір алмасып, қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық білдірді. Министрлер шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін әрекеттерден бас тартудың және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Джейхун Байрамов армян әріптесіне 5 наурыз күні Иран дрондарының Нахчыванға жасаған шабуылы туралы ақпарат берген. Шабуыл салдарынан азаматтық инфрақұрылымға зиян келіп, бейбіт тұрғындар зардап шеккен.

Комментарии