Қазақстанда соңғы екі жылда балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде не өзгерді?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lqd5wWbaZ03ZtDPpPTsNFxvAWE6z2P4Ra6yPuc6A.jpg

Соңғы екі жылда Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бағытында 11 заң мен бағдарлама қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен қатар 158 нақты шараны қамтитын «Қазақстан балалары» бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада өткен Silk Power 2026 алаңында хабарлады.

Закиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдын алу жүйесін дамыту және отбасыларды қолдау шаралары туралы айтып өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жылда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, алдын алу жүйесін дамытуға және отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге бағытталған 11 негізгі заң мен бағдарлама қабылданды", — деді ол.

Сонымен қатар өңірлерде әкімдіктер жанынан балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылып жатыр. Мамандарды оқыту және жүйені жетілдіру жұмыстары да жалғасуда.

Омбудсменнің айтуынша, бұл жұмыстың нақты нәтижесі бар.

"Өткен жылдың өзінде құзырлы органдар балалардың қауіпсіздігіне қатысты 50 мыңнан астам жағдайды анықтады. Отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, балаларға құқықтық қорғаныс қамтамасыз етілді", — деді Закиева.

Комментарии