Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Астана — Петропавл трассасында екі MAN жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Апат 7 наурыз күні Астраханка мен Чапаево ауылдарының арасында орын алған.
«Екі MAN маркалы жүк көлігі соқтығысты. Соның нәтижесінде 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды», — деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Новости по теме
Аким Жамбылской области принял участие в республиканской конференции по вопросам противодействия коррупции
