Президенттің досы делінген экс-шенді бірнеше сағат бойы тергелді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jZpOhWwPtLhwziPFNLJj68ur6QcOjLLJnF2x3zdZ.jpg

Қырғызстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев ІІМ тергеуінде болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Тәшиев екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеу-оперативтік іс-шараларға шақырылған. Ол тергеушіге адвокатымен бірге келген. Жауап алу шамамен бес сағатқа созылған. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Қырғызстандық журналистердің болжамынша, бұл іс «Қырғызмұнайгаз» компаниясына қатысты тергеумен байланысты болуы мүмкін. Мемлекеттік салық қызметінің дерегіне сәйкес, аталған істе «көпмиллиардтық заңбұзушылықтар» анықталған.

Тергеу аясында компанияның бірқатар топ-менеджерлері, соның ішінде Тәшиевтің туысы Байғазы Матисақов ұсталған. Мамандар 2021–2025 жылдар аралығындағы цифрлық шот-фактураларды зерттеп, бюджетке келтірілген шығын көлемін 4 миллиард сомнан асады деп бағалаған.

Материалдарда Тәшиевтің бауырлары — Шайырбек пен Қазыбек Тәшиевтерге қатысы бар құрылымдар, сондай-ақ оның ұлы Тай-Мұрас Тәшиевке тиесілі «Мока групп» компаниясы да аталады. Алайда Тай-Мұрас Тәшиев бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Еске салайық, Садыр Жапаров 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің вице-премьер және ҰҚМК басшысы қызметінен кеткенін жариялаған еді. Сол кезде Тәшиев Германияда медициналық тексерістен өтіп жатқан.

Комментарии