Желіде белгісіз ер адамның баланы ұрғаны түсірілген бейне тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан екі бала бір-бірімен көрші тұрады. Алғашында олардың арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал өршіген.
«Оқиғаға қатысқан балалар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тергеу барысында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болғаны, оның соңы әлімжеттікке ұласқаны анықталды. Кейін 10-сынып оқушысы көшеде 5-сынып оқушысын кездестіріп, оған күш қолданған», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Новости по теме
