Алматыда ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркеген

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VaoxXHZ4cZPlzUitPXzhfmkfS8XtnrjIonTLAsOE.jpg

Алматыда арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды. Бұл туралы қалалық прокуратура айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Арнайы прокурорлар Алматы қаласының арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды»,-делінген хабарламада.

Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелген.

Қалалық прокуратура сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталғанын жеткізді.

 

 

 

Комментарии