4 мың 300 теңгеге барды. Мыңғырған малымен танымал Моңғолияда ет қымбаттады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cN4yDSN07n4UUeSSgEyKy0fsRfXvDyR3jsBix8Ct.jpg

60 млннан астам мал басы бар Моңғолия бұрын-соңды болмаған ет бағасының күрт өсуіне тап болды. News.mn агенттігінің мәліметінше, мұндай жоғары көрсеткіштер соңғы 4–5 жылда байқалмаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұлттық статистика комитеті ет және ет өнімдері бағасының өткен аймен салыстырғанда орта есеппен 3,5%-ға артқанын мәлімдеді. Биыл наурызда қой еті 4,4%-ға қымбаттаса, сиыр еті мен ешкі еті 2,1%-ға өскен.

Сатушылардың айтуынша, «Хучит Шонхор» базарындағы бағаның қымбаттауына осы қыста ұсыныстың азаюы негізгі себеп болған. Елде мал басы көп болғанына қарамастан, ет қарапайым тұрғындар үшін барған сайын қолжетімсіз болып барады.

«Артық айтқандық емес, ет бағасы аспандап кетті. Өткен күзде еттің бір келісі 14 мың тұғрық болатын, ал қазір мұндай бағаны базардан да табу мүмкін емес, содан бері баға тұрақты түрде өсіп келеді», — дейді 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сатушы Н. Ганбаатарс

Ол қой етін сатудың тиімсіз болуына байланысты соңғы үш жылда ішек-қарын өнімдеріне көшкенін жеткізді.

Кейбір сауда орталықтарында сиыр етінің бір келісі 32 000 (4300 теңге шамасында) тұғрықтан асып кеткен. Бұл халықтың төлем қабілетіне қатысты үлкен сұрақ туғызады.

«Хучит Шонхор» базарындағы бағалар (наурыз айындағы жағдай):

• Сиыр еті: 27 000–27 500 тұғрық/кг; 3600 - 3700 теңге шамасында.

 • Сүйегі бар сиыр еті: 26 000 тұғрық/кг; 3500 теңге шамасында.

• Жылқы еті: 16 000–17 000 тұғрық/кг; 2100 - 2300 теңге шамасында.

 • Қой еті: 21 500 тұғрық/кг; 2900 теңге шамасында.

 • Сүйегі бар ешкі еті: 18 500 тұғрық/кг. 2500 теңге шамасында.

Айта кетейік, Моңғолиядағы ет бағасының жағдайы билік тарапынан шұғыл назар аударуды қажет етеді. Негізгі азық-түлік өнімінің қымбаттауы мен халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. 

Малы мыңғырған Моңғолиядағы халық саны 3 млн 600 адамды құрайды. 

Комментарии