Пашинян қайтадан премьерлікке үміткер атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F3cc9OapOVJhMjCjgdLHeIumCSe1SPiStokLoZiC.jpg

Армения премьер-министрі Никол Пашинян алдағы маусым айында өтетін парламент сайлауында өзі жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы атынан премьер-министрлікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды “Адырна” порталы «Интерфаксқа» сілтеме жасап.

«Азаматтық келісім” партиясының ішкі сайлауының екі кезеңі аяқталып, қорытындылары шығарылды. Маған тағы да сенім артқан партиялас достарыма алғысымды білдіремін. “Азаматтық келісім” партиясының сайлау тізімін басқару және Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидат болу құрметіне ие болғаныма ризамын», – деп жазды Пашинян әлеуметтік желіде.

Арменияда парламент сайлауы 7 маусымға жоспарланған.

Сайлау қорытындысы бойынша парламентте көпшілік орын алған саяси күш республика премьер-министрін сайлау құқығына ие болады.

Комментарии