Алматыдағы 28 Гвардияшы-Панфиловшылар атындағы саябақта тас лақтырған және адамдарды қуалаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласында қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттер жасаған шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Сот оларға елге қайта кіруге тыйым салуды да қарастырған.
Еске салсақ, желіде жұртқа шабуыл жасап, қоғам назарын аудартқан жасөспірімдердің бейнесі тараған еді.
Новости по теме
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы
