«Тяньлун-3» зымыраны апатқа ұшырады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fzvSmwjVHafz4MZbKQeebXu185P3FMxdGTAMTCjk.jpg

3 сәуірде Қытайдың жеке ғарыш компаниясы әзірлеген «Тяньлун-3» зымыраны алғашқы орбиталық сынақ ұшырылымы кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұшырылым Цзюцюань ғарыш айлағы аумағында жүзеге асырылған.

Зымыран сәтті көтерілгенімен, ұшу барысында техникалық ақау пайда болып, ұшу сәтсіз аяқталды. Жобаны әзірлеген Space Pioneer компаниясы апатты растады және оқиға себептерін анықтау үшін тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бұл «Тяньлун-3» жобасына қатысты алғашқы ірі сәтсіздік емес. 2024 жылдың маусымында зымыран Гунъи қаласындағы сынақ алаңында күтпеген жерден ұшып кетіп, шамамен 50 секунд бақылаусыз қозғалып, сынақ кешенінен 1,5 шақырым жерде құлаған. Кейін жүргізілген тексеріс зымыранның артқы бөлігінде конструкциялық ақау болғанын көрсеткен.

Осы оқиғадан кейін компания зымыран құрылымын қайта жетілдіріп, 2025 жылы сәтті жерүсті сынақтарын өткізгенін хабарлаған еді.

«Тяньлун-3» екі сатылы, ішінара қайта пайдаланылатын зымыран ретінде жасалып, 20 тоннадан астам жүктемені төмен орбитаға шығаруға қабілетті деп бағаланған. Ол SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыранына бәсекелес ретінде ұсынылған болатын.

Комментарии