8 сәуір күні Израиль Ливанның оңтүстігіне жаппай соққы жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Ливан премьер-министрі Наваф Салам Израиль шабуылдары халық тығыз қоныстанған тұрғын аудандарды қамтып, бірнеше өңірде, әсіресе Бейрутта, қарусыз бейбіт тұрғындардың өмірін қиғанын мәлімдеді. Елдің денсаулық сақтау министрлігі кешке қарай атқылаулар салдарынан кемінде 112 адам қаза тауып, 837 адам жараланғанын мәлімдеді.
Соққылар АҚШ пен Иран арасындағы бітім жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. Израиль «Хезболла» позицияларын атқылап, Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға эвакуациялану қажеттігін ескертіп жатыр. Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққыларды екі аптаға тоқтату шешімін қолдайтынын мәлімдеген еді.
Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ Ливанға соққыларды жалғастыратынын айтып отыр, өйткені оның пікірінше, Иранмен соғыстағы бітім Ливанға қолданылмайды.
Бұл Пәкістанның мәлімдемесіне қайшы келеді. Иранмен бітімге келуде делдал болған Пәкістан Ливан бағытындағы әрекеттер де тоқтатылатынын айтқан. Қақтығыста делдал болған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Иран мен АҚШ арасындағы екі апталық бітім «барлық жерде, соның ішінде Ливанда да» күшінде екенін мәлімдеген.
Маулен Ашимбаев: «Инклюзивные виды спорта дают возможность особенным детям развиваться физически и социализироваться»
