Алматы облысының Райымбек ауданында 15 жастағы мектеп оқушысына қатысты ауыр қылмыс фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 16–25 жас аралығындағы бірнеше күдікті жасөспірімді жүйелі түрде қорқытып, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оқиға шамамен екі ай бойы жалғасқан.
Ақпарат алғашында оқушылар арасында тарап, кейін мектеп әкімшілігіне белгілі болған. Мектеп басшылығы жағдайды анықтағаннан кейін тиісті органдарға хабар берілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс 2026 жылғы 16 наурызда тіркелген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап, күдіктілерді жауапкершілікке тарту бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тергеу барысы бақылауға алынған. Құзырлы органдар оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты жарияламады.
Мамандар мұндай жағдайларда жәбірленушілерге дер кезінде көмек көрсету және құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды екенін атап өтеді.
