Кәмелетке толмаған. 15 қабаттағы өрттен үш бала қаза тапты...

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F2Em2A9dRwgNDUNhfqWitbOXHFLbaImd6yVtwdwc.webp

12 сәуірге ауған түні Астананың Есіл ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шығып, тілсіз жау үш баланың өмірін қиды, деп хабарлайды "Адырна".

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан.

Хабарламаға сәйкес, ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пәтер өртеніп жатқаны анықталды.

“Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханада ем қабылдауда.

Өкінішке қарай, оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды”, – делінген хабарламада.

ТЖМ мамандары жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, сонымен қатар 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше қауіпсіз жерге шықты.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндіріліп, оның шығу себептері анықталып жатыр.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі.

Қайғылы жағдай билік өкілдерінің тікелей бақылауына алынды.

Комментарии