Моңғолия премьер-министрі Ням-Осорын Учрал журналистерді Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Монцамэге» сілтеме жасап.
«Үкімет атынан және жеке өз атымнан қоғамды шынайы әрі деректерге негізделген ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған сіздерді, журналистерді, Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен құттықтаймын. Пікір білдіру еркіндігі – демократияның негізі. Үкімет ұсынған “Азат етеміз” бастамасы азаматтарды бюрократиядан, қысым мен жемқорлықтан босатуға бағытталған. Бұл жұмыстың нәтижелері халыққа қаншалықты объективті әрі тікелей жеткізілетіні көп жағдайда журналистика еркіндігінің деңгейіне байланысты»,-деді ол.
Үкімет басшысы сөз бостандығын қорғап келе жатқанын атап өтті.
«Моңғолияның баспасөз бостандығы индексіндегі 17-орны оң динамиканы көрсетеді. Мен азаматтар мен журналистердің пікір білдіру еркіндігін жүйелі түрде қорғап келемін, соның ішінде Қылмыстық кодекстің 13.14-бабының Конституция қағидаттарына сәйкес келмейтінін атап өтемін. Біздің ортақ мақсатымыз – қандай да бір қысымды жоққа шығаратын құқықтық ортада журналистиканың еркін әрі тәуелсіз қызмет етуіне жағдай жасау. Сөз бостандығы мен журналистиканың принципшілдігі шындықтың орнығуына және демократиялық институттардың нығаюына ықпал етеді»,-деп толықтырды басшы.
Жолдаудың соңында премьер-министр журналистерді Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен тағы да құттықтады.
Правительство открыто к конструктивному диалогу с инвесторами во всех сферах – Олжас Бектенов провел промежуточное заседание СИИ
