Баян Алагөзова «Қыз Жібекке» қамзолын қайтарып, пәтер сыйлайтынын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/r8zmhND1oIvVorjLYSYhMD7UqFPwFHbqOG0vIBRe.jpg

Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған қамзолды Қазақстанның халық әртісі, туындыда басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешеваға табыстады. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір осы қамзолды сізге табыстағым келеді. Оның тағдырын өзіңіз шешуіңіз керек деп ойлаймын», — деді продюсер актрисаға.

Баян Мақсатқызы қамзолды алғаш көргенде көзіне жас алғанын да жасырмады.

«56 жыл өтті. Пішіні сақталған. Тіпті жағасындағы терісі де бар екеніне таңғалып отырмын», — деді Меруерт Өтекешева киімді қарап отырып.

Сондай-ақ Баян Алагөзова актрисаға Астанадан пәтер сыйлау туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұл қадамын продюсер еңбек сіңірген актрисаны қолдау және оның отандық мәдениетке қосқан үлесіне құрмет білдіру ниетімен түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін Меруерт Өтекешева журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында жалдамалы пәтерде тұратынын айтқан еді. Оның сөзінше, жеке баспанасын қызының еміне қаржы табу үшін сатып жіберген.

Комментарии