Палестина дауы. АҚШ-та концерті өтпей қалған әншіге елшілік арнайы сыйлық арнады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/inXN3U1i7X6F3nevX7c7y8FqvxkzgRM7qJ52t3CS.jpg

Өзбекстандық әнші Юлдуз Усмановаға Иран елшілігі арнайы сыйлық табыстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Иранның Өзбекстандағы елшілігі өкілдерінің әншіге арнайы сыйлықты табыстап жатқан сәті көрсетілген. Видеода айтылғандай, сыйлықты Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы елшісі Мұхаммадәли Искандари мен мәдени байланыстар жөніндегі кеңесші Хасан Сафархани жолдаған.

Өзбекстандық БАҚ елшілік өкілдері сыйлықтың Палестина, Иран аумағындағы бейбіт тұрғындар мен балаларды қолдағаны үшін берілгенін атап өткенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та 9 мамырға жоспарланған концерті Нью-Йорктегі “Ocean” театрында өтуі тиіс болған. Алайда жергілікті саясаткерлер мен еврей ұйымдарының наразылығынан кейін концерт тоқтатылды.

Наразылық білдірушілер әншіні антисемиттік сипаттағы мәлімдемелер жасады деп айыптаған. Ал Юлдуз Усманова өз кезегінде Палестинаны қолдайтынын айтып, көзқарасынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Комментарии